BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көлік кептелісінде тұрып қалған Ердоған кортежі үшін қырғызстандық полицейлер жұмыстан қуылды

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған қырғыз жеріндегі Қыршын шатқалында көлік кептелісінде тұрып қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Ол жұбайымен бірге бүкіләлемдік көшпенділер ойынына келген. Осы оқиғаға байланысты қырғыстан ІІМ қызметтік тергеу жүргізіп, жоғары шенді үш полицейді жұмыстан шығарған.

ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, милиция бөлімшесінің жекелеген қызметкерлері мен басшылары тәртіптік жаза алған.

«Қызметтік тексеріс барысында Ыстық-көл облысының ІІБ-ның басшылары қызметтік міндетті тиісінше орындамағаны анықталды. Олар тиісті мемлекеттік органдармен жұмысты өзара байланысып ұйымдастыра алмаған. Нәтижесінде ресми делегаттардың ұшуы кешіктірілген», -дейді ІІМ-нің өкілдері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер