Қытайлық оқушы iPad 2 планшетін сатып алу үшін бүйрегін сатып жіберген - Әлем|02 Маусым 2011, 15:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайлық оқушы iPad 2 планшетін сатып алу үшін бүйрегін сатып жіберген

ПЕКИН. Маусымның 2-сі. BAQ.KZ – Қытай тұрғыны iPad 2 планшетін сатып алу үшін оң жақ бүйрегін сатып жіберген, деп жазады «Комсомольская правда».

Қытай мектептерінің бірінің он жеті жасар оқушысы Сяо Чжэн iPad 2 планшетті компьютерін сатып алуды армандаған, алайда қымбат тауарға ақшасы жетпеген. Арманының соңында жас жеткіншек «ақша табудың» керемет әдісін ойлап табады. Интернет арқылы ол өзінің оң жақ бүйрегін 22 мың юанға сатуға келіседі (3 мың 390 доллар шамасында).

Трансплантации бойынша операция Хунань ауылы (орталық Қытай) ауруханаларының бірінше өтеді. Жеткіншектің тапқан табысы планшетті компьютерге ғана емес, сондай-ақ iPhone смартфонын сатып алуға жеткен.

Баланың анасы бұл жөнінде ештеңе білмегенін айтады. «Сяо Чжэн үйге компьтермен және Apple телефонымен бірге оралды. Біздің отбасымызда ондай қымбат дүние сатып алуға қаражат шектеулі. Басында ұлым соншама ақшаның қайдан келгені жөнінде шындықты айтудан бас тартты. Кейін осы ойыншықтарды сатып алу үшін оң жақ бүйрегін сатып жібергенін мойындады», - деді берген сұхбатында еңіре жылаған баланың анасы.

Шындықты білгеннен кейін Чжэннің анасы дереу полицияға қоңырау шалады. Алайда ол уақытта адам мүшесін саудалаған делдалдардың телефондары сөндірулі болған. Шырылдаған ана қылмыскерлер ертелі-кеш құрықталатыны жөнінде үмітін үзер емес. Операция бала денсаулығы үшін зардапсыз болмады, оның хәлі күннен күнге нашарлап бара жатыр.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер