BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайда тағы «Ұлы қорған» салынады

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының билігі жаңа «Ұлы қорған» салатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы China Daily порталы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Шыңжаң биыл ұзындығы 5,7 мың шақырым болатын мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін күшейтпек. Сонымен қатар, қала билігі тұрақтылықты сақтау мақсатында интернетті де бақылауға алады.

«Біз қоғамдық қауіпсіздікті басқаруда бос орын қалмауы үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз және негізгі облыстар қауіпсіз болуы үшін бар жағдайды жасаймыз», - деді аймақ басшысы Шократ Закир Бүкілқытайлық халық өкілдерінің кезекті сессиясында.

Ол Шыңжаңның кейбір негізгі өңірінде жағдай қиын болып тұрғанын жеткізді. Енді билік бақылауды күшейту үшін жаңа технологияларды пайдаланып, шекара маңындағы көшелердің инфрақұрылымын жақсартады.

Қаңтарда жергілікті билік сепаратистік және экстремистік қозғалысты бақылау үшін адамдардың бетін тани алатын жүйені қолдана бастады. Бірақ Пекин билігі бұл жағдайды жоққа шығарып отыр.

Шыңжаң-Ұйғыр әкімшілік ауданы тұрғындарының басым бөлігі ислам дініне сенеді. Ал бұл аймақ арқылы Пәкістан мен Ауғанстаннан радикалды экстремистік ұйым өкілдері Қытайға кіреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер