BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайда оқулықтағы тестке Димаш Құдайбергенов туралы сұрақтар енгізілген

Фото: http://visit-kazakhstan.kz

Қытай оқушылары ағылшын тілі пәнінен тест жұмыстарында Димаш Құдайберген туралы сұрақтарына жауап береді. Тест сұрақтары түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тараған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмдағы @zhongxindeying атты қолданушы өз парақшасында тест сұрақтары бар мәтінді суретке түсіріп жариялаған.

Мәтінде Димаштың жасы, туған жері, ата-анасы туралы ақпараттар бар. Оған қоса, оның I Am A Singer 2017 байқауына қатысып, қытайлық жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленгені туралы жазылған. Көрсетілген мәліметтерден кейін оқушыларға Димаш туралы бірнеше сұрақтар қойылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер