Қытай хакерлері Gmail-дiң жүздеген аккаунттарын бұзып кірді - Әлем|02 Маусым 2011, 10:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытай хакерлері Gmail-дiң жүздеген аккаунттарын бұзып кірді

БЕЙЖІҢ. Маусымның 2-сі. BNews.kz - Қытай хакерлері Gmail пошта қызметінің жүздеген қолданушыларының есептік жазбаларын бұзып кірді, деп хабарланады қызмет көрсету иесі – америкалық Google компаниясының мәлімдемесінде, деп хабарлайды Би-би-си орыс қызметі.

Google-да атап өтілгендей, бұзылған жазбалардың ішінде жоғары лауазымды америкалық шенеуніктердің және АҚШ-тың саяси қайраткерлерінің аккаунтары болған.     

Google-дың пiкiрiнше, бұл оқиғаның 2009 жылдың соңы – 2010 жылдың басындағы қытай хакерлерінің шабуылына еш қатысы жоқ, ол кезде олардың мақсаты компания жүйелерінің  қауіпсіздігін сақтау болатын.   

Мәлімдемеде аталып өтілгендей, бұзылған есептік жазбалардың барлық қолданушыларына хакерлiк шабуыл туралы баяндалды.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/51690/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер