BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қырғызстанда қатты суықтан 15 адам мерт болды

2018 жылдың қаңтар айында Бішкекте күннің күрт суытуына байланысты 15 адамды үсік шалып, олар қаза тапқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Sputnik Қырғызстан»-ға сілтеме жасап.

Қырғызстанның құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, мерт болған азаматтардың тұрғылықты мекенжайы болмаған.

«Ішкі істер бас басқармасының қызметкерлері жылу трассалары мен иесіз қалған ғимараттарды тексеруге кіріскен. Тұрақты мекенжайы жоқ адамдар қазір арнайы орындарға жіберілуде. Осы айда аталған орынға 239 адам жеткізілген», - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстанда ауа температурасы күрт төмендеген. «Қырғызгидромет» таратқан хабарламасына сәйкес, Шу облысы мен Бішкек қаласында сынап бағанасы түнде -30 градусқа дейін, ал күндіз -19 градусты көрсетуі мүмкін.

Республиканың ақпараттық технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитеті ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты интернет пен байланыс қызметінде ақаулар болуы мүмкін екенін жария етті. Ал Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі 26 қаңтар күні мектептерде сабақ болмайтынын хабарлады. Көрші елдің мектептері 30 қаңтарға дейін жұмыс істемейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер