BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қырғызстанда халықаралық "Ыстықкөл форумы" өтіп жатыр

"Айтматов және әлемдік Challenge" атты халықаралық Ыстықкөл форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Форумның ашылу салтанаты Бішкектегі "Ала-Арша" мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр. Оған ел президенті Сооронбай Жээнбеков, экс-президент Роза Отунбаева және Қырғыз елінің білім мен мәдениет қайраткерлері, ЮНЕСКО өкілдері, сонымен қатар Шыңғыс Айтыматовтың туысқандары қатысып жатыр.

Айтматовтың 90 жылдығына арналған форумға ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дуйсен Касеинов, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов қатысуда. Оның сыртында Қытайдан, Түркия мен Оңтүстік Кореядан жазушылар мен ғалымдар келді.

Ыстықкөл форумы 7 қазанға дейін жалғасады.

Онда Айтыматовтың шығармашылығы, экономикалық мәселелер мен қауіпсіздік, әлемдегі қазіргі мәдени өзгерістер талқыланатын болады. Жиын соңында Ыстықкөл форумының декларациясы қабылданады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер