Қырғызстанда бүгін Президент Бәкиевтің тақтан құлатылғанына бір жыл толуын атап өтеді - Әлем|07 Сәуір 2011, 15:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қырғызстанда бүгін Президент Бәкиевтің тақтан құлатылғанына бір жыл толуын атап өтеді

Бішкек. Сәуiрдің 7-сі. BNews.kz - Қырғызстанда бүгiн Президент Құрманбек Бәкиевті  тақтан құлатқан оқиғаның бір жылдығы атап өтіледі.
 

Дәл бір жыл бұрын қырғыз оппозициясының бiрнеше жүздеген жақтастары Бішкектің шығыс жақ шетіндегі социал-демократиялық партиясы кеңсесінің жанында митинг өткізуге жиналған еді. Жиналыс бейбiт мақсатта өткізіліп жатқанына қарамастан, милиция оларды таратып Жіберуге, акцияның белсенді қатысушыларын, оның ішінде әйелдер мен қарттарды тұтқынға алуға тырысты. Бірақ тәртiп сақшылары ереуілдеушілердің қиян-кескі қарсылығына тап болып, шегінуге мәжбүр болды. Қақтығыс нәтижесінде милиция мен арнайы қызметтің қаруы оппозицияның қолына өтіп, демонстранттар астананың Ала-Тоо орталық алаңына қарай iлгерiледi.

http://www.bnews.kz/kz/100/v-kirgizii-otmechayut-godovshhinu-sverzheniya-prezidenta-bakieva


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер