Қырғыз елі — Кедендік одақтан үміткер - Әлем|04 Наурыз 2011, 18:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қырғыз елі — Кедендік одақтан үміткер

Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев республиканың Кедендік одаққа міндетті түрде енетінін мәлімдеді.
«Кедендік одаққа енбеу оған енуден гөрі әлдеқайда қиын болады. Мысалы, КСРО кезінде барлық елдердің шекарасы ашық болғанда қандай заман болғанын және өткен жылы сол шекаралар жабылып қалғанда қалай болғанын бәрі біледі» – деді қырғыз үкіметінің басшысы ресей­лік саясаткерлермен кездесу барысында. Оның айтуынша, Кедендік одаққа енудің алғашқы кезеңінде бірқатар қиындықтар туындайтыны анық. Себебі республика бұған дейін негізінен Қытай тауарларын қайта экспорттаумен айналысқан еді. «Дегенмен тек саудамен отыру мүм­кін емес, сәйкесінше, бізге өзіміздің өн­ді­рісімізді дамыту керек. Әрине, бұл үшін Қырғызстанда тыныштық пен бей­бітшілік орнауы қажет» – деп атап өтті А.Атамбаев. Ол Кедендік одақ коми­тетінде Қырғызстанның бақылаушы-өкіл­дері жұмыс жасап жатқанын және осы мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып қырғыз тігіншілері пайдалана алатынын ескертті. «Біздің тігіншілер мен олардың өнімдері ешбір елдің өндірісінен кем емес, олар Ресейді де киіммен қамтамасыз ете алады» – дегенді айтып, қырғыз киім өнімдеріне Ауғаныстандағы әскери жауынгерлерін киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін АҚШ-та қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Автор: Сәдуақас Кебекбай http://www.alashainasy.kz/politics/19737/

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер