BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ким Чен Ын АҚШ билігіне сәлемдеме жолдады 

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореядан келген арнайы елшіні америкалық билікке сәлемдеме жеткізуді сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Олар Пхеньянда кездесіп, арнайы елші президент Мун Чжэ Иннің хатын тапсырды.

Кездесуден кейін ол Ким Чен Ын Вашингтонның Корея жартыаралын денуклеаризациялау (белгілі бір аумақтардағы ядролық қаруларды жою, атомдық қару-жарақ шығаратын, сынайтын белгілі бір аумақтар құру – агенттік ескертпесі) мәселесі бойынша үдеріс жоқ екені туралы пікірмен келіспейтінін айтты. КХДР басшысы Пхунгери полигонын демонтаждау елді жаңа ядролық сынақтар жүргізу мүмкіндігінен айырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық Пхеньян қадамын толыққанды бағалаған жоқ.

Сонымен қатар, Ким Чен Ын Дональд Трамптың президент қызметіндегі өкілеттілігі аяқталатын 2021 жылдың қаңтарына дейін АҚШ-пен қарым-қатынастың түзелетініне және жартыаралдағы жағдайды реттеу процесінің аяқталатынына сенім білдіретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол Корея жартыаралында соғысты тоқтату туралы формалды келісімді өңірде америкалық әскердің болуымен байланыстырмайтынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер