Кемерово облысы шахтасындағы апат: жер астында кеншілер қалып қойды - Әлем|17 Маусым 2011, 08:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кемерово облысы шахтасындағы апат: жер астында кеншілер қалып қойды

КЕМЕРОВО. Маусымның 16-сы. BNews.kz – 16 маусымда Кемерово облысындағы «Киселевская» шахтасында балшық опырылып түсті. Нәтижесінде төрт кенші жер астында қамалып қалды, деп хабарлайды РБК облыс әкімшілігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға 120 метр тереңдікте дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған. Осы уақытта апатты жерде 13 адам болған, оның төртеуі, болжам бойынша, балшықты топырақтың опырылып түсуінен шығысқа жете алмай қалған. Әзірге олардың жағдайынан хабар жоқ.

Қалған кеншілер аман-есен жоғарыға көтеріле алды.

Оқиға орнында ТЖМ-ның төрт тау-кен құтқарушы бөлімі мен өрт қауіпсіздігі гарнизонының шұғыл әрекет ету жасағы іздестіру шараларын жүргізуде.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/52832/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер