Қазақстандықтар сатып алған 300-ге тарта шетел көлігі Тайцан портында қаңтарылып тұр - Әлем|06 Маусым 2011, 12:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар сатып алған 300-ге тарта шетел көлігі Тайцан портында қаңтарылып тұр

АЛМАТЫ. Маусымның 6-сы. BNews.kz –ТСС компаниясы теңіз тасымалдаушыларының банкрот болуына байланысты, қазақстандықтар сатып алған 300-ге тарта шетел көлігі Қытайдың Тайцан портында тұрып қалды. Бұл туралы көлік иелерінің бірі « idrive.kz» сайтында хабарлады.

«Сәуір айының басында көптеген америка компанияларының жүк жеткізіп берушісі болып табылатын ТСС ірі теңіз кеме компанияларының бірі банкрот болуына байланысты өзінің 3 контейнер тасымалдаушысын Тайцан портына түсіргені белгілі болды», - деп жазады көлік иесі.  

Оның сөзіне қарағанда, контейнерлерге қазірдің өзінде темір жолдан орын сатып алынған, алайда аталған порттың жүкті жөнелтуге  мүмкіндігі жоқ.   

«Соның салдарынан көптеген контейнерлер әлі күнге дейін Тайцанда тұр. Америкалық жеткізушілер таяуда мәселе шешіледі деп уәде беруде, контейнерлер баржаларға қайта салынып,  Циндао-ға дейiн жеткізіледі, алайда қолдағы барлық деректер «жүк сонда тұрғанын» және тасымалдауға әзірленіп жатпағанын растауда. Тайцанда Қазақстанға бағыт алған 77 контейнер бар екені туралы ақпарат бар. Олардың көбі сәуір айының алғашқы жартысынан бері тұр», - делінген хатта.     

Хабарлама авторы атап өткендей, бұл контейнерлердің алдағы болашағы әлі күнге дейін белгісіз. Көлік иелері егер бәрі сәтті шешілсе, 20 күн уақыт жолға кетеді,  бірақ автокөліктер 1 шілдеге дейін келмейді деп алаңдап отыр.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/51935/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер