Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты Өзбекстанда комиссия құрылды - Әлем|18 Қаңтар 2018, 18:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты Өзбекстанда комиссия құрылды

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, салдарынан 52 Өзбекстан азаматының қаза табуына байланысты аталған елдің үкіметі арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, комиссия құрамына сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың өкілдері қосылған. Комиссияны премьер-министр Абдулла Арипов басқарады. Комиссия қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының аты-жөнін және қайғылы оқиға себептерін анықтаумен айналысады.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай бүгін Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.

Сонымен қатар, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ әзірлеп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер