Каддафи деспот па? - Әлем|24 Ақпан 2011, 12:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Каддафи деспот па?

«Ливияның басшысы Муаммар Каддафи билiкке келгелi 41 жылдан асыпты. Ол 1969 жылдың қыркүйегiнде король Ыдырысты билiктен кетiрiп, өзi таққа отырған. Ол кезде Каддафи бар-жоғы 27 жаста едi. Египет президентi Гамал Әбдел Насырды үлгi тұтқан ол өзiн әскерилер арасынан шыққан ұлтшыл етiп көрсетуге тырысты. Десе де, Каддафи тақта бұрынғы басшылардан әлдеқайда ұзақ отырды.
Каддафи билiкке кел­гелi берi ел басқарудың өзiндiк жүйесiн қалыптастырды. Ол радикалды қа­рулы топтарды қолдауымен ерекшелендi. Сонысымен де ол жиырмасыншы ғасырдың ең тоталитарлы деспот басшыларының бi­рiне айналды», — деп жазды Би-Би-Сидiң тiлшiсi Тарик Кафала. Каддафи шынымен де деспот па? Әлде араб елдерi­нiң көш­басшысы ма? Ливияда 6 мил­лион адам тұрады. Жыл сайын ел қазынасына мұнай сатудан 32 миллиард доллар түседi. Алайда қарапайым халық мұ­ның қызығын көрiп жатқан жоқ. Кадда­фидiң өзi мен айналасы байыған үстiне байи түстi. Жұмыссыздық 30 пайызға жеткен. Соңғы жылдары Ливия­да мұрагер мәселесi жиi көтерiлетiн болды. Кад­дафидiң екi ұлы Саиф Ислам мен Мутассимнiң тақтан дәмесi зор. Саиф Ислам елдегi БАҚ-ты «жусатып-өргiзедi». Ал Мутассим қауiпсiздiк саласына жауапты. Муаммар Каддафи бiр мәлiмдемесiнде өле-өл­генше билiктен кетпейтi­нiн мәлiмдеген. Мiне, осының бәрi Ливия халқының шыдамын шегiне жеткiздi. Соңғы мәлiметтерге қарағанда, Ливиядағы тол­қулар кезiнде Кадда­фидiң бұйрығымен әскерилер 200 адамды өлтiр­ген. http://www.zhasalash.kz/shetel/3964.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер