Ішек инфекциясы Испания мен Германия қиярларынан тарамаған - Еурокомиссия - Әлем|03 Маусым 2011, 09:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ішек инфекциясы Испания мен Германия қиярларынан тарамаған - Еурокомиссия

БРЮССЕЛЬ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Испания мен Германияда жүргізілген зерттеулер, қиярлардың ішек инфекциясы тудыратын аурулардың көзі еместігін анықтады. Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен аптада ГФР билігі ішек жұқпалы індетінің шығу көзі Испания қиярлары деген мәлімдеме жасады. Алайда сейсенбіде Гамбург денсаулық сақтау мәселесі бойынша сенаторы Корнелия Прюфер-Шторкс зертхана зерттеулерінің жаңа нәтижелерін жария етті. Оған сәйкес, Испания қиярларынан жұқпалы індет қоздырушы бактериялар табылғанымен, олар ауруға шалдыққан пациенттерден табылған бактерияларға сәйкес келмейді. Яғни, жұқпалы дерттің шығу көзі әлі белгісіз.

http://www.inform.kz/kaz/article/2384944


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер