BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Иранда қаралы күн жарияланды

Иран үкіметі 24 қыркүйекті Ахваз қаласындағы әскери парад кезіндегі терактіден қайтыс болғандарға арнап ұлттық қаралы күн деп жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі mir24.tv сілтеме жасап.

Ел билігі әлемдік қауымдастықты қайғылы оқиғаға қатысы барларға қарсы тиісті шаралар қолдануға шақырды.

Еске сала кетсек, сенбі таңертең белгісіз біреулер парадтағы көрермендер арасынан халыққа қарай оқ атты. Салдарынан 28 адам қаза тапты және 60 адам зардап шекті. Арасында балалар мен аналар бар. Шабуыл жасаған 4 адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарсы оқ атып, тоқтатты.

БАҚ таратқан мәліметтерге қарасақ, терактіге жауапты Сауд Арабиясымен байланысты «Ахваздағы патриоттық араб демократиялық қозғалысы» ұйымы өзіне алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер