BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ИРАН АМЕРИКАЛЫҚ ШПИОНДЫ ЕЛГЕ КІРГІЗБЕДІ

Иран өкіметі шпиондықпен айна­лыс­ты деген күдікпен 55 жастағы амери­ка­лық әйелді шекарадан өткізбей тастады.
Сөйтіп, ол Армения шекарасы арқылы Иранға өтпек болған жерінен кері қай­та­рылды, деп хабарлайды «Франс-пресс» агент­тігі «Аль-Алам» телеарнасына сілтеме жасай отырып. Сәл бұрынырақ Иранның «Фарс» агенттігі Хол Талаян есімді америка азаматшасының қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатын. Бұл оқиға шамамен бір аптадай бұрын Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Нордуз ауданында орын алған. Агенттік келтірген мәліметтерге қарағанда Талаянның Иранға баруына рұқсат беретін визасы болмаған, сонымен бірге оның тісінен әлдебір шпиондық жабдықтар да табылған. Әзірге бұл оқиға ресми билік тарапынан расталмай отыр. http://www.egemen.kz/25062.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер