BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Индонезияда жанартау аумағынан 500 альпинист көшірілді

Фото: mir-vpechatleniy.ru

Құтқарушылар Ринджани стратожанартауындағы 543 туристі қауіпсіз жерге көшірді. Із-түссіз жоғалып кеткен 6 альпинисті іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Индонезияда Ринджани стратожанартауында қалып қойған 500 альпинист Ломбок аралына жеткізіліп, 21 шілдеде қауіпсіз жерге көшірілді.

Туристердің жалпы саны 543 екені айтылуда.

«Олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді құтқарушылар.

Сондай-ақ, жоғалып кеткен 6 туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.

Индонезияда қатты жер сілкінісі болып, 560 альпинист Ринджани стратожанартауында қалып қойғаны бұған дейін хабарланған болатын. Еске сала кетсек, 29 шілде күні Индонезияда 6,4 балды жер сілкінісі болып, соның салдарынан 14 адам қаза тапты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер