BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын қазақстандық арна тікелей көрсетеді

Бүгін Қырғызстанда III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазір елде соңғы дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Этнофестиваль Қыршын шатқалында ұйымдастырылады. Ол жерде сахна орнатылып, киіз үйлер тігілді. Ал жергілікті милиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.

Қырғыз елінде өтетін көшпенділердің III дүниежүзілік ойындарына 200-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады.

Дүбірлі додаға қатысу үшін 53 елден өтініш келіп түскен. Спортшылардың басым бөлігі Ресей және Қазақстаннан келеді.

Жарыста барлығы 600 медаль сарапқа салынады. Жалпы жүлде қоры 260 миллион сомды, яғни 400 мың долларды құрайды. Спорттық шараның ашылу салтанатын Kazakh TV арнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер