Йеменде халық шеруі жалғасуда - Әлем|09 Наурыз 2011, 08:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Йеменде халық шеруі жалғасуда

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат -Кеше, 8 наурызда Йеменде  де   Наразылық  шеруі өтті. Билік басында  отырғанына 30 жылдан асқан   Әли  Абдалла Салехтің   отставкасын   талап    еткен бірнеше мыңдаған  халық    көшелерге  шықты, деп   хабарлайды,  ИТАР-ТАСС агенттігі.
Мәлім болғандай,  акциялар,  мемлекет басшысы мен   министрлер  кабинетінің   мүшелері     үлкен  беделге ие болып келген  аудандарда  да өтіп  жатқан көрінеді.    Атап  айтқанда,    ел астанасы  Сана    қаласының оңтүстігіне  қарай  60 шақырым   жерде  орналасқан  Дамар қаласында  наразылық   шеруі  өтті.  10 мыңдай адам    ел  президентінен,   мандаты аяқталатын 2013 жылды күтпей,   отставкаға кетуді талап еткен  және     экономиканың   мүшкіл  жағдайына, елге жайылған   сыбайлас жемқорлыққа  өз   наразылықтарын  білдірген. Мыңдаған   адам қатысып отырған  акциялар       Йеменнің   Сана,   Адене, Таизе,  Ходейде және  т.б.  қалаларында  қаңтар  айынан бері  жалғасып  келеді. http://www.inform.kz/kaz/article/2358468

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер