BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Йемен жағалауында мигранттар қайығы аударылып, 30 адам қаза болды

Аден қаласы маңындағы жағалауда 152 мигрант отырған қайық аударылып, кемінде 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Миграция бойынша халықаралық ұйым мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисарының Басқармасы Йемендегі Аден қаласы жағалауында кемінде 30 босқынның қаза тапқанына наразы әрі қайғырып отыр», - делінген хабарламада.

Көп адам отырған қайық 23 қаңтар күні Сомали мен Эфиопиядан Джибутиге бағыт алған.

«Қайықты арсыз бұзақылар басқарған сияқты. Себебі, олар босқындар мен мигранттардан көп ақша талап еткен», - делінген МХҰ (Миграция бойынша халықаралық ұйым) хабарламасында.

Мұнымен қатар, жолаушыларға оқ атылғаны белгілі болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер