Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшылықтан кетіп, Дүниежүзілік банкті басқаруға ниетті - Әлем|10 Маусым 2011, 10:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшылықтан кетіп, Дүниежүзілік банкті басқаруға ниетті

АСТАНА.  10 маусым.  ҚазАқпарат  - АҚШ Мемлекеттік  хатшысы Хиллари  Клинтон  Дүниежүзілік банк басшылығына  түсу  үшін,  2012   жылы  мемлекеттік  хатшылықтан   кетпек. 

Reuters  агенттігі    Ақ үйдегі  дерек көзге сілтеме  жасап   осындай ақпарат  таратты,  деп хабарлайды РБК агенттігі. 

"Х.Клинтон    осы лауазымды  алғысы    келеді»,  -  деп   хабарлады дерек көздердің бірі. 

Дерек көздің  айтуынша,   Мемлекеттік хатшы бұған  дейінгі  мәлімдемелерінде  қазіргі    қызметінде 4 жылдан артық отырмайтынын  айтқан  екен. 

Тағы бір  дерек көздің айтуынша,   Х.Клинтонның бұл ниетін   АҚШ Президенті Барак Обама  қолдап отырған көрінеді.   Бірақ  та әзірге,    Ақ үй басшысының  Клинтонды Дүниежүзілік банк басшылығына  ресми   тағайындауға   келіскен-келіспегені  белгісіз және   ол үшін  аталмыш ұйымға мүше   187 елдің    келісімі  тағы керек. 

 Бірақ  та,  Клинтон ханымның баспасөз хатшысы Филипп Райс  жоғарыдағы ақпаратты теріске  шығарып  отыр.  Оның айтуынша,   мемлекеттік  хатшылықтан  кету  туралы әзірге сөз болып отырған  жоқ.

http://www.inform.kz/kaz/article/2386679


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер