BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ханзада Гарри мен Меган Маркл үйлену тойының шығыны белгілі болды

Корольдік отбасы Ханзада Гарри мен актриса Меган Марклдың тойына 43 миллион доллар шығындады. Бұл туралы BriedBook порталы жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер салтанатқа дайындалу барысын қадағалап, шараның шамамен қанша сомаға шыққанын есептеді. Олар шығынның көп бөлігі күзетке жұмсалды деп болжап отыр. Тойдың қауіпсіздігіне 40 млн доллар кеткен болуы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, корольдік отбасы тойды ұйымдастырушылардың қызметіне шамамен 150 мың доллар төлеген. Музыканттар үшін 400 мың доллар, гүлмен сәндегендерге 150 мың доллар, фото және видеооператорларға 23 мың доллар жұмсалды деп есептеді. Сонымен қатар, қонақтардың ас мәзіріне 385 мың доллар, ал тойдың арнайы тортына 65 мың доллардан аса ақша жұмсалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер