BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ханзада Гарри Меган Марклға анасы Диананың жүзігін сыйлады 

19 мамыр күні өткен ханзада Гарри Меган Марклдың үйлену тойы жылдың басты оқиғаларының бірі болғаны сөзсіз. Бүкіл Ұлыбритания мен әлем бойынша миллиондаған адам неке қию салтанатын тамашалады. Белгілі болғандай, осы күні ханзада Гарри жұбайына марқұм анасы Диананың жүзігін сыйға тартқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Гарри ханзада үйлену тойы күні жары Меган Марклға марқұм анасы Диананың сапфир және брилианттармен көмкерілген жүзігін сыйға тартты.

Виндзор сарайынан шығып, 1968 жылғы Jaguar көлігіне отыра берген сәтте Меган Маркл қолындағы жүзігін көрсетті. Шетелдік басылымдардың пайымдауынша, бұл жүзік Ди ханымға тиесілі болған.

1997 жылғы тамызда Диана жол апатынан қаза тапқаннан кейін ханшайымның ұлдары Уильям мен Гарриге аналарынан естелік ретінде оның бір затын алуға рұқсат етілген болатын. Сол кезде Уильям ханзада Cartier Tank Francaise сағатын алса, ханзада Гарри Garrard зергерлік үйі дайындаған неке сақинасын таңдаған болатын.

Еске сала кетсек, кеше Ұлыбритания ханзадасы Гарри «Форс-мажорлар» атты америкалық телесериалдың жұлдызы Меган Маркл үйленді. Екі жас туындаған дауларға қарамастан, махабаттарының шынайылығын паш етіп, некелерін қиды. Неке қию рәсімі Виндзор сарайындағы Әулие Георгий шіркеуінде өтті.

БАҚ ақпараты бойынша, неке қию салтанатында Элтон Джон өнер көрсеткен. Салтанатты шара аяқталған соң, қонақтар ханзада Чарльз ұйымдастырған Фрошмор-Хауздағы клубтық стильдегі кешке жиналды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер