BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Грузия марихуананы заңдастырды

Грузияда марихуананы кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуынсыз және заңда белгіленген орында тұтынуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Мир 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бірақ марихуананы қоғамдық орындарда шегуге болмайды.

Грузияның конституциялық соты «Жаңа саяси орталық – Гирчи» партиясының Грузия парламентіне қарсы шағымын қанағаттандырған.

Сот марихуананы тұтынған үшін салынатын 204 доллар көлеміндегі айыппұлдың күшін жойды.

Айта кетсек, елдегі белсенділер марихуанаға салынған тыйымды алып тастау үшін бір жыл бойы күресті. Өткен жылдың күзінде Тбилисиде көптеген жастар ереуілге шыққан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер