Германияда соядан шек жұқпалы індеті табылмады - Әлем|07 Маусым 2011, 16:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Германияда соядан шек жұқпалы індеті табылмады

ЛЮКСЕМБУРГ. Маусымның 7-сі. BNews.kz – Испания қиярларын ауыстырып, мәселеге негіз болуы мүмкін деп табылған Төменгі Саксонияда өсірілген сояның ондаған үлгiлерi зертханада сараптамадан өткізіліп, дертке шалдықтыратын бактериялар табылмады, деп хабарлайды Euronews.

Германия Ауылшаруашылығы министрі Илзе Айгнер, дейтұрғанмен, зерттеу жұмыстары аяқталғанға дейін бүршікті бұршақ тағамдарын пайдаланбауға кеңес берді. Сондай-ақ қиярлар, қызанақтар мен салаттарға қатысты да сақтанған дұрыс.  

ЕО елдері ауылшаруашылығы министрлері бүгін, 7 маусымда шек жұқпалы індеті айналасындағы жағдайды және зардап шеккен фермерлерге өтемақы беру мәселесін талқылау үшін Люксембургке жиналады.  

Соңғы деректер бойынша, iшек-геморрагиялық бактериясын ушықтырған індеттен қазірдің өзінде 23 адам көз жұмды, олардың басым көпшілігі Германия тұрғындары.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/52059/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер