Ғалымдар ерлер жынысының қашан жойылатынын айтты - Әлем|22 Қаңтар 2018, 11:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар ерлер жынысының қашан жойылатынын айтты

Мамандардың айтуынша, бірнеше миллион жылдан кейін ерлерде жыныстық жетілуді қамтамасыз ететін Y-хромосомасы толықтай жойылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кентский университетінде жұмыс істейтін британиялық генетик Даррен Гриффин құрамында SRY гені бар Y-хромосомасының 4,5 миллион жылдан кейін жойылатынын айтты. Аталған ген ерлердің жыныстық жетілуін қамтамасыз етеді. Осы зерттеу туралы мақала Science Alert басылымында жарияланды.

Әр жаңа даму кезеңінде Y-хромосомасы генетикалық рекомбинацияға ұшырамайды. Аталған процесс кезінде генді зақымдайтын мутация ликвидацияланады. Нәтижесінде ерлер жынысының түзілуіне жауап беретін гендер уақыт өте келе дегенерацияланып, геномнан толықтай жойылады.

Алайда соңғы зерттеулер хромосомалардың аталған үрдісті баяулататын механизмдер түзетінін анықтады. Дат ғалымдарының айтуынша, ерлердің жыныс мүшесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап беретін гендердің бірнеше көшірмесі пайда болады.

Y-хромосомасы толықтай жойылып кеткен жағдайда SRY гені басқа хромосомаға орналасып, рекомбинацияның жетіспеушілігін бастан өткереді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер