BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ағзадағы май денсаулыққа пайдалы — ғалымдар

АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының ғалымдары денедегі майдың адамға пайдасы бар екенін дәлелдейтін бірнеше зерттеу жұмысын жүргізді. Осы зерттеулердің арқасында майдың құрамындағы спецификалық иммундық жасушалардың инфекциямен күресуге көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ясмин Белкейд басқарған зерттеушілер тобы денедегі майдың құрамында Т-лимфоциттерінің көп мөлшерде кездесетінін анықтады. Аталған жасушалар инфекцияның құрылымын жаттап алып, оны қайта жұқтырған кезде қарсы жауап қайтарып отырған.

Т- жасушалары басқа ағзадағы жасушаларға қарағанда инфекцияға күшті реакция танытады.

«Бұл — сиқырлы шөп дәрі іспеттес. Ол есте сақтау қабілетінің Т-жасушаларын іске қоса алады», — дейді Белкейд.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер