BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғаламшарда алып жарылыс болды

Фото: segodnya.ua

Күннің айналасындағы кеңістікті бақылайтын Stereo Ahead спутниктері жарылыс болған көріністі түсіріп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар бастапқыда әлдебір планета жарылып кетті деп ойлаған, бірақ планетаның жарылып кетуі мүмкін емес жағдай. Соққы толқыны тұтастай Күн жүйесіне таралды.

Жуықта бұл толқын Күннің өзіне және біздің планетамызға келіп жетеді. Соққы толқыны оныншы күн Жер бетіне қарай жылжып келе жатыр. Ғалымдар толқын әсерін жер бетіндегі халық сезетін немесе сезбейтінін нақты болжап айта алмайды.

Жарылыстан кейін спутниктердің камералары дұрыс жұмыс істемей қалған. Бұл қандай жарылыс болуы мүмкін?

Интернет қолданушылары жат планеталықтардың кемесі жарылып кеткен болуы мүмкін деп болжады. Бұл болжамды ешкім шынайы қабылдамағаны анық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер