"Freedom House": Әлемде демократия азайып барады - Әлем|16 Қаңтар 2018, 19:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Freedom House": Әлемде демократия азайып барады

"Freedom House" халықаралық ұйымы мұндай болжамды жылдық қорытынды жиынында мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Онда әлемдегі демократияның азайып кеткендігі туралы айтылған.

"Әлемде домократияға соққы беріліп, оның ауқымы тарылып келеді. Соңғы жылдары АҚШ демократиялық идеалдардың жеңімпаздар қатарындағы дәстүрлі орынынан бас тартып, керісінше Қытай мен Ресей өз өңірлеріндегі репрессияларын күшейтумен өз өктемдігін басқаларға тықпалауда" - делінген мәлімдемеде.

"Freedom House" халықаралық ұйымы 2017 жылы әлемде жаһандық еркіндік соңғы он екі жыл бойы тоқтаусыз шектеліп келгенін, соның салдарынан дүниежүзінің 71 мемлекеті "жаһандық жаңа еркіндік" бойынша кері кеткенін мәлімдеді.

Ұйым өткен жылдың басты оқиғасы деп "АҚШ-тың демократиялық көшбасшылықтан бас тартып, еркіндік жайлаған елдер қатарынан шегінуін" атады.

АҚШ-тың қаржыландыруындағы аталған ұйымның болжамы бойынша "соңғы 7 жылда АҚШ саяси еркіндік пен азаматтардың құқықтарын біртіндеп тыйып" отырған.

"Freedom House" ұйымының президент Михаил Абрамович «демократия алдағы онжылдықта ең ауыр дағдарыстың алдында тұрғанын» айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер