BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуропа 2050 жылға дейін ет пен сүт өндірісін екі есе азайтуы керек – ғалымдар

Еуропадағы саясаткерлер мен фермерлер, тіпті, қарапайым халық алдында да қиын таңдау тұр. Ғалымдар жариялаған жаңа зерттеу нәтижесі туралы баяндамада Еуропаға мал шаруашылығының көлемін анағұрлым азайту керектігі айтылған, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, Еуропадағы мал шаруашылығы 2050 жылға дейін парник газдарының қалдығын 74%-ға азайтуы керек.

Баяндамада айтылғандай, Еуропадағы мал шаруашылығы секторы парник газдары қалдығының қауіпсіз шегінен асып кеткендіктен, тез арада оның мөлшерін азайтуды қолға алуы керек.

Жалпы, әлем бойынша ет өнімдеріне сұраныс артып жатқандықтан, осы ғасыр ішінде мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге деген талап пен қысым күшейе береді.

Баяндама авторларының бірі, профессор Аллан Баквеллдің айтуынша, Еуропа 2050 жылға дейін ет пен сүт өнімдерінің өндірісін азайтуы керек. Ал баяндама жарияланған кезде Еуроодақтың қоршаған орта бойынша бұрынғы комиссары Янез Потокник бұл мәселені шешуді қазір қолға алуы керектігін айтты.

Зерттеу нәтижелерінде Еурокомиссияға ресми сауал жолданған. Онда комиссияның мал шаруашылығы өнімдерін азайтып, денсаулыққа, климатқа және қоршаған ортаға зиянды өнімдерді шығаруға кедергі келтіру үшін қандай шаралар қолға алынатыны туралы сұралған.

Бүгінгі таңда еуропалықтар денсаулық сақтау ұйымдары ұсынатын мөлшерден де көп көлемде ет өнімдерін тұтынады. Соның нәтижесінде мемлекетте 2050 жылға қарай парник газдар қалдығын 74 пайызға, нитрат қолданылатын тыңайтқыштар қалдығын 60 пайызға қысқарту қажеттілігі туындауы мүмкін.

Дегенмен, бұл проблеманың шешілуіне фермерлер кедергі болуы мүмкін. Әсіресе, биылғы құрғақшылықтар кейін олардың қаржылық жағдайы нашарлап, шығындары көбейген.

Фермерлер ассоциациясының бас хатшысы Лиам МакХейлдің айтуынша, фермерлер экологтар үшін үнемі «оңай нысан» болып келген. «Баяндамада біздің сектор ерекше атап өтілген. Парник газдар тек қана ауыл шаруашылық секторынан шығып жатқанын ескеріп жатқан ешкім жоқ. Мысалы, көлік саласы бар, әуе жолдары бар. Оларыдң ешқайсысын қысқартпай, бірден мал шаруашылығы өнімдерін қысқартуды қолға алуды ұсынып жатқандары дұрыс емес деп ойлаймын», дейді ол.

Ал Баквелл жоғарыда аталған проблеманы шешу үшін мал шаруашылығы секторы өз өнімдерін 40-50%-ға қысқартуы керек екенін айтты.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер