BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ер адам әйелдің 11 қабырғасын сындырып, өлтіріп тастады

Одесса қаласындағы академик Королев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден көкірек қуысы пышақпен аяусыз тілінген, 29 жастағы әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Украина ұлттық полициясының өңірдегі басқармасы таратқан хабарламасына сәйкес, 8 наурыз күні Одесса және Одесса облысында екі әйел өлі күйінде табылған.

Ивановск ауданындағы Слободка ауылында тұратын 51 жастағы әйел өзінің ауылдасының үйіне қонаққа барған. Онда әйел үйдің иесі және оның досымен алкогольді ішімдік ішкен. Кейін қонаққа келген әйел мен ер адам арасында кикілжің туындаған. Салдарынан әйел аяусыз соққыға жығылған.

«Алған дене жарақаттарынан әйел қаза тапты. Сот медициналық сараптамасының алдын ала мәліметтері бойынша әйелдің 11 қабырғасы сынуы салдарынан ол тілге келмей қайтыс болған», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Әйелдің өлі денесі ауылдағы көшеден табылыпты. Оны өлтірген күдіктілерді полиция тұтқындаған.

Аталған дерек бойынша Украина қылмыстық кодексі 121-бабы 2-тармағы (Біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, тағы бір қайғылы оқиға Одесса қаласында тіркелді. академик Королев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден көкірек қуысы пышақпен аяусыз тілінген 29 жастағы әйелдің өлі денесі табылды.

Полиция мен дәрігерлер оқиға орнына жеткенше әйел өліп қалған. Қазіргі таңда жедел-тергеу тобы қылмыстың не себепті жасалғанын анықтау барысында. Аталған дерек бойынша, Украина қылмыстық кодексінің 115-бабы 1-тармағы («Қасақана адам өлтіру») бойынша қылмыстық істі қозғады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер