BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Эмомали Рахмон өз есімімен аталатын сыйлық тағайындады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Ұлт көшбасшысы – Эмомали Рахмон» деп аталатын мемлекеттік сыйлық тағайындады. Сыйлық демократияның дамуына ерекше үлес қосқан Тәжікстан азаматтарына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға беріледі, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сыйлық «Ұлт көшбасшысы – бейбітшілік пен келісім негізін салушы туралы» заңның негізінде тағайындалған. Бұл заң бойынша, аталған сыйлықпен қатар «Ұлт көшбасшысы» орденін белгілеуге, ұлт көшбасшысының мұражайын, кітапханасы мен мұрағатын құруға мүмкіндік бар.

Сыйлық иегеріне төсбелгі мен 125 мың сомони (14 мың доллардан астам) көлемінде ақшалай жүлде беріледі. Төсбелгіде Эмомали Рахмонның алтын жалатылған бедерлі бейнесі салынады.

Тәжікстанды ширек ғасыр бойы басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонға 2015 жылы парламент ұлт көшбасшысы деген мәртебе берген.

2016 жылы Тәжікстанда конституцияға Рахмонға президент сайлауына тағы да түсуіне ерекше құқық беретін түзетулер енгізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер