ЕҚЫҰ ПА-ның күзгі отырысы Бішкекте өтеді - Әлем|17 Қаңтар 2018, 08:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕҚЫҰ ПА-ның күзгі отырысы Бішкекте өтеді

Қырғызстанда күзде бірінші рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) парламент ассамблеясының (ПА) отырысы өтеді. Оған Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 57 елінің парламент мүшелері қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жогорку Кеңеш баспасөз қызметінің хабарлауынша, таяуда ғана ЕҚЫҰ ПА отырысын 2018 жылдың қазан айында өткізуді ұйымдастыратын комитеттің алғашқы отырысы өткен.

ЕҚЫҰ – қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ірі аймақтық ұйым. Қырғызстан бұл ұйымға 1992 жылы қосылған. 1998 жылы Бішкекте ЕҚЫҰ-ның орталығы жұмыс істей бастады.

2017 жылдың мамыр айынан бастап ЕҚЫҰ өкілдігі Бішкекте бағдарламалық кеңсе ретінде мәртебесін өзгертті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер