BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екі парашютші әуеде бір-біріне соғылып қайтыс болды

Фото: РИА Новости

Ресейдің Тергеу комитеті Татарстанда екі парашютшінің қайтыс болуына байланысты тексеру жұмыстарын бастады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оқиға 19 мамырда Татарстанның Мензелинский ауданында болған. Жеті спортшы 4 мың метрден 1,6 метрге дейін еркін құлауды орындаған. Парашюттер ашылған кезде бір спорты екіншінің ашылған парашютіне кіріп кеткен. Артынша екеуі бір-біріне соғылып естерінен танып қалған. Екеуі да қосымша парашютпен жерге түскен.

Әйтсе де, олардың бірі жедел жәрдем көлігінде, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Аэроклуб қызметкерлері екеуінің де тәжірибелі парашютші екенін, әрқайсысы бұған дейін кемінде 600 реттен секіргенін айтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер