BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Египеттегі жағдай хақында

Соңғы күндері Египет Араб Республикасында қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР СІМ атал­мыш елдегі қазақстандықтардың қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ету мақсатында барлық тиісті шараларды қабыл­дау­да. Мәселен, біздің азамат­та­рымызды Египеттен шы­ғару туралы шешім қа­былданып, қазір таяу тәулік­терде Каирге және одан кері қарай ТЖМ-нің арнайы ұшағының жіберілуі жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
ҚР-ның Египеттегі елшілігі осы елден кетуге ниетті азамат­тардың Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету жө­нін­дегі өтініш­те­рін қабылдауда. Ол үшін ҚР кон­сулы Ербол Елу­баевпен төмен­дегі телефон нө­мі­рі арқылы бай­ланысу қажет: (8-10-20) 126-789-300. Сонымен бірге, Каир әуежайымен қатар, Египет­тің қалған барлық халықаралық әуежайлары тұ­рақ­ты рейстерді қабылдап және ұшырып жатқандығын хабар­лаймыз. Сон­дықтан да, біз Египеттің ау­дан­дарында қалып отырған қазақ­стан­дықтарға елден өз беттерінше кетуге ұсыныс білдіреміз. Аталған елдегі біздің отандастарымыздың са­нына келсек, ҚР-ның Египеттегі елшілігінің кон­сул­дық есебінде Қа­зақ­стан­ның 185 азаматы тұр. Олар­дың ішінде біз­дің дип­ломаттардың көмегімен шұғыл түрде Ота­нына ора­лу­ға 156 адам тілек білдірді. Қазақ­стан­дық­тардың бір бөлігі ел­шілікті ескертпей-ақ елге өз беттерінше келіп және кетіп жатқандығын атап өту қажет. Жоғарыда аталған жағдайға байланысты ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына бұл елге уақытша бармай тұра тұруға кеңес береді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. http://www.egemen.kz/26686.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер