Египет: президенттікке алғашқы кандидат анықталды - Әлем|01 Наурыз 2011, 12:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Египет: президенттікке алғашқы кандидат анықталды

Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) бас хатшысы Амр Мұса өз кандидатурасын Египетте өтетін президент сайлауына ұсынатындығы жөнінде мәлім етті.
MENA ақпараттық агенттігінің жексенбі күні та-ратқан мәліметтері бойынша, Мұса өз жақтастарымен кездесу барысында Египет президенті тағына таласқа түсу мүмкіндігін жоққа шығармаған. “Менің «саяси сайысқа» қатысуым – әлі нақты шешімін таппаған мәселе және ешнәрсені алдын ала болжағым келмейді. Дегенмен, Президент сарайындағы тақ үшін таласқа түсуім әбден мүмкін», – деді Мұса. Египет әскерінің Жоғарғы Кеңесімен тағайындалған арнайы комитет жақында президент сайлауына дауысқа түсе алатын кандидаттардың тізімін кеңейтіп, шектеулерді жеңілдетуге негізделген конституциялық түзетулерді қабылдағандығы жөнінде жариялаған болатын. Мұсаның АМЛ бас хатшысы қызметінің мерзімі ағымдағы жылдың наурызында аяқталады. АМЛ-дегі қызметіне дейін ол ұзақ уақыт бойы Египеттің Сыртқы істер министрлігін басқарып келген болатын. Мұсаның президент сайлауына қатысуы туралы қауесет ақпан айынан бастап ел аузында жүргеніне қарамастан, бүгінге дейін бұл ақпарат ресми түрде жоққа шығарылып келді. Сонымен қатар, Египет оппозициясының басшысы, МАГАТЭ бұрынғы басшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Мохаммед әл-Барадеи Египеттегі жақында өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайтындығы жөнінде ресми түрде жария етті. Естеріңізге сала кетейік, Египеттегі президент сайлауы ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. MENA http://www.elgazeti.kz/?p=6350

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер