E.Coli құрбандарының саны 35 адамға жетті - Әлем|13 Маусым 2011, 09:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

E.Coli құрбандарының саны 35 адамға жетті

БЕРЛИН. Маусымның 13-і. BNews.kz - E.Coli бактериясын жұқтыру салдарынан ішек жұқпалы індетінен қайтыс болған пациенттердің саны 35 жетті және одан да асып кетуі мүмкін. Бұл жөнінде Германия денсаулық сақтау министрі Даниэль Бар мәлімдеді, деп жазады РБК.

Соған қарамастан, оның айтуынша, дертті жаңадан жұқтыру салдары азайғанға ұқсайды. Аталған індеттен қаза табу фактілері бір ғана жағдайдан басқа бәрі Германияда тіркелген.

«Свобода» радиосының хабарлауынша, Германияда сауыққан жүзден астам науқастың ауыр індет салдарынан бүйректерінің жұмыс істеу функциясы бұзылған және біраз уақытқа дейін денсаулықтарына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Барлығы 14 еуропалық мемлекет, АҚШ және Канада бойынша 3 мың 200 адам осы індетке шалдыққан.

Дерттің шығу көзі ретінде мамандар Нижняя Соксония шаруа қожалықтарының бірінде өсірілетін бұршақ тұқымдастардың тамырын атап отыр.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/52409/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер