BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Дүниежүзі аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

Фото: belaruspartisan.by

Астана, BAQ.KZ. Бангкокте өтіп жатқан «Дүниежүзі аруы» халықаралық сұлулық байқауында Филиппин елінің қатысушысы Катриона Грей жеңді. Бұл жөнінде байқаудың ресми сайтында хабарланған.

Катриона Грей 24 жаста. Ол Love Yourself ұйымында қатерлі ауруларға қарсы күреспен айналысады және Young Focus коммерциялық емес ұйымында ерікті болып жұмыс істейді.

Ал Венесуэла өкілі Стефани Гутьеррес екінші орынды иеленді.

Осы байқауда 19 жастағы алматылық бойжеткен Сабина Әзімбаева Қазақстанды таныстырып, 30 келілік ұлттық костюм киген болатын. Өкінішке қарай, ол шешуші турға жетпеді.

«Өкінішке қарай, Сабина Әзімбаева финалға шыққан 20 үздіктің қатарына кірмеді. Алайда, ол көрсеткен өнер ең жарқын нөмірлердің бірі болғаны айқын. Сабинаны құттықтаймыз және оның лайықты өнер көрсеткеніне қуаныштымыз», - деп жазылған «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмм парақшасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер