BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дубайда әлемдегі ең қымбат аяқ киімдер халыққа ұсынылмақ

Дубайдағы Бурдж-эль-Араб отелінде алтын мен бриллиант көмкерілген аяқ киімдер топтамасы халыққа ұсынылады. Ең қымбат аяқ киім 17 миллион долларға бағалануда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.

Дизайнерлік аяқ киімдер зергерлік компаниялармен бірлесіп жасалған. Ең қымбат әйелдер аяқ киімінің ұшына 15-каратты бриллиант қондырылған. Жалпы бұл аяқ киім 236 бриллиантпен көмкерілген.

Арзандау аяқ киімдер 17-27 мың долларға бағалануда, олар да алтынмен апталып, бриллиантпен безендірілген. Кейбіреуі рубин және інжумен сәнделген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер