Дэвид Кэмерон: Болашақ Ливияда Каддафиге орын жоқ - Әлем|01 Наурыз 2011, 11:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дэвид Кэмерон: Болашақ Ливияда Каддафиге орын жоқ

Ұлыбританияның премьер-министрi Дэвид Кэмерон жексенбi күнi Ливияның басшысы Муаммар Каддафиге қатысты мәлiм­деме жасады
— Каддафидiң билiктен кететiн уақыты болды. Британ үкiметi Каддафи мен оның отбасының елдегi есепшоттарын жауып тастады. Болашақ Ливия­да ендi Каддафиге орын жоқ, — дедi Дэвид Кэмерон. Британ премьерi мұны БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнiң сенбi күнi бiрауыздан қабылданған қарары негiзiнде мәлiмдедi. Кэмерон Муамар Каддафи мен оның отбасының Британияда қанша қаржысы бар екенiн нақты бiлмей­дi. “Менiң ойымша, бiрнеше жүздеген миллион доллар болуы мүмкiн”, — дедi ол. АҚШ пен Швейцария да Каддафидiң есепшоттарын жап­қан. Ал Ливия оппозициясы өтпелi кезең өкiметiн құрып, ел астанасы Триполиден 60 шақырымдағы әз-Завия қаласын басып алды. Каддафидiң бұй­ры­ғымен қаланы қарулы жасақ қоршап тұр қазiр. Бұған дейiн Каддафи қару-жарақ қоймаларын ашқызып, өзiнiң жақтастарын жаппай қаруландырған-ды. Каддафидiң тынысы күннен-күнге тарылып барады. Еуро­одақ Ливияға қатысты санкция жарияламақ. БҰҰ-ның мәлiме­тiнше, толқу басталғалы берi Ливиядан жүз мыңға жуық адам кетiп қалған және елден кетiп жатқандардың саны күннен-күнге артып барады. http://www.zhasalash.kz/shetel/3997.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер