Іші пысқан депутат тікелей эфирде ұйықтап қалды - Әлем|19 Қаңтар 2018, 16:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Іші пысқан депутат тікелей эфирде ұйықтап қалды

Фото: Day.Az

Британиялық консерватор Десмонд Свэйн (Desmond Swayne) тікелей эфирде Brexit туралы өтіп жатқан дебат кезінде ұйықтап қалды. Ролик BBC Politics-тің Twitter-інде жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі bbc басылымына сілтеме жасап.

Видео 575 мың реттен астам қаралыпты. Депутат Свэйн парламент мүшесі Кен Кларктың Brexit бойынша жасап жатқан баяндамасы кезінде ұйықтап жатыр. Роликтің соңында ұйқыдағы депутат парламентші Кларктың қатты дауысынан оянып кетеді. Кейін күлімсіреп, әріптесін мұқият тыңдап отырған адамның кейпін танытады.

Видеоның астындағы пікірлерге қарап, көрермендердің Свэйнді сынап тастағанын оқуға болады. Бірақ олар бір жағынан депутатты түсінеді. Өйткені, Кларктың «ішпыстырарлық дауысы» кез келген адамды ұйықтатып тастайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер