BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БҰҰ Сириядағы жағдайға алаңдайды

БҰҰ Сирия мен Ресей күштері жақын уақытта көлемді шабуыл жасап, оның соңы гуманитарлық апатқа ұласуы және Түркия қолдайтын көтерілісшілермен қарулы тайталасқа әкелуі мүмкін деп алаңдайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, апта ішінде ресейлік және ресейлік күштер Идлиб провинциясындағы нысандарға әуеден бірнеше рет соққы берген.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығы жағдайын бақылау орталығына сілтеме жасап Reuters агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Идлиб провинциясындағы қарулы оппозиция нысандарына әуеден шабуылдар жасалған.

Сирия жанжалын реттеу бойынша Тегеранда өткен үшжақты саммитте Түркия президенті Режеп Ердоған Сириядағы Башар Асад режиміне бағынбайтын жалғыз аймақта бітім жариялауды ұсынған. Ресей президенті Владимир Путин Сирия үкіметі елдің бүкіл аумағына бақылау орнатуға құқылы деп санайды. Иран президенті Хасан Роухани Иран әскері Сириядан кетпейді деп уәде берген деп хабарлайды ВВС.

Үш елдің басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдемеде Сирияда қарулы оппозициялық топтардан терроршыларды бөле қарастыру – бейбіт халық арасында бейкүні қазаға жол бермеу үшін шешуші мәнге ие делінген.

Соңғы екі аптада Асад әскерінің жақын күндері Идлибке шабуыл бастайтыны туралы бірнеше рет хабарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер