BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қырғызстанда Түркі тілдес мемлекеттердің кезекті саммиті өтеді

Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі ұйымының алтыншы саммиті басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке қарағанда, саммит Қырғыстан, Түркия, Қазақстан, Әзербайжан президенттерінің қатысуымен өтеді. Ал кешегі ІІІ Дүниежүзі көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Өзбекстан басшылығы өкілдері саммитке келетіндігін айтты.

1-2 қыркүйек күндері Қырғызстанға арнайы келген Қазақстан мен Түркия президенттері ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Ал өткен түні саммитке қатысу үшін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев те қырғыз жеріне ат басын бұрды.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі ұйымының кезекті саммиті Бішкекте 2016 жылы өтуі керек болатын. Алайда, белгісіз себептермен саммит кейінге қалдырылған болатын.

2009 жылы құрылған бұл ұйым түркі тілдес мемлекеттердің басын біріктіреді. Қазіргі кезде ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия қатарлы төрт мемлекет мүше. Биылғы жылы ұйым төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға берілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер