BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Британдық азамат жынысын үшінші рет өзгертті

Сэмнен Самантаға дейін. 58 жастағы британдық жынысын осымен үшінші рет өзгертті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.

Табысты заңгер Саманта Кейн жынысын осымен үшінші рет өзгертіп отыр. Алғашында ол ер адам болған, қазір екінші рет әйел атануда. Кейн хирургиялық отаға 150 мың фунт стерлинг жұмсаған.

Сэм Хашими Бағдадта дүниеге келген. Ер адам жынысын алғаш рет 1997 жылы ауыстырып, Саманта атанған. 2004 жылы әйел қайтадан ер адам болуды қалап, тағы бір ота жасатқан. Осылайша Самантамыз Чарльз болып шыға келді.

Осы жылы 58 жастағы ер адам қайтадан әйел болғысы келіп ота жасатқан. Саманта балаларын көру үшін қайтадан ер адамның кейпіне ауысқанын айтады. 1990 жылдары жұбайымен ажырасқан соң ұлы мен қызын көре алмаған.

«Алғашқы 10 жылда балаларымды көре алмадым, оларды қатты сағындым. Олар мені білмей өсті. Өте қиын болды. Ақыр соңы жақсы көретін адамдарымды кері қайтарамын деп қайтадан ер адам болдым», -дейді ол.

13 жыл Чарльз болған ол қателік жібергенін түсініп, нәтижесінде үшінші ота жасатуға бел буған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер