Бір шаңырақта 181 адам тұрады - Әлем|23 Ақпан 2011, 17:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бір шаңырақта 181 адам тұрады

Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі ең көп­­мүшелі отбасы анықталды. 67 жастағы Зиона Чананың 39 әйелі, 94 баласы, 14 келіні және 33 немересі бар екен.
Daily Mail-дың хабарлауынша, Бақтваң елді мекеніндегі бұл отбасы тату шаңырақ ретінде де белгілі. Зиона ақсақалдың үйінде ата дәстүр қатаң сақталады. Бәйбіше-тоқалдар шәй деспей, үйдің отымен кіріп, күлімен шығады. Олардың айтуынша, отбасындағы адамдарға күнделікті ас әзірлеу үшін күніне 30 тауық сойылып, 60 келі картоп аршылады, 100 келі күріш пісіріледі екен. Зиона Чана өз шаңырағын Жаратушының берген байлығына теңейді. Жуырда оның отбасы әлемдегі ең көпмүшелі үй ретінде рекордтар кітабына енбекші. http://www.alashainasy.kz/world/19134/

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер