Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылуы әлем үшін маңызды оқиға - Еуропарламент депутаты - Әлем|24 Маусым 2011, 09:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылуы әлем үшін маңызды оқиға - Еуропарламент депутаты

БРЮССЕЛЬ. 24 маусым.  ҚазАқпарат  /Димаш Сыздықов/ - Бірінші  дүниежүзілік   соғыс  жылдары  тұңғыш рет жаппай  қырып-жоятын  қару   қолданылған Бельгияның  Ипр қаласында ядролық  сынақтардың  құрбандарына арналған Қазақстан ескерткішінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа үшін де, бүкіл әлем  үшін  де  өте маңызды оқиға. Еуропалық   Парламент депутаты Струан  Стивенсон  Брюссельде қазақстандық журналистерге  берген сұхбатында  осылай  деді.

Аталған ескерткіштің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  былтыр қазан  айында  Брюссельге жасаған ресми іс-сапары барысында Қазақстан халқының атынан Бельгия Республикасына ресми түрде тапсырылғанын  еске салған  депутат,  «Барлық  әлемдегі  ядролық  сынақтардың  құрбандарын  еске алуға арналған   ескерткіш  Бельгия  және  Еуропа  халқына  тарту   етілді.  Және бұл кездейсоқ емес,  себебі Қазақстанның    өзі  ядролық сынақтарды бастан     кешірген.      Семей  ядролық   сынақ  полигонында    жасалған  500-ге жуық   ядролық жарылыс     елдің    табиғатына да,   халқының  денсаулығына  да    қатты әсер еткен»,   деді   еуродепутат  өз сөзінде.

 Бұл ескерткіштің  Бельгияның Ипр қаласында ашылуының  да өзіндік  сыры  бар. Себебі   Бірінші Дүниежүзілік соғыс  кезінде, сонау 1915  жылы  дәл осы қалада  алғаш рет  жаппай қырып-жоятын   қару  қолданылған.  «Бұл  қала      Семеймен тағдырлас.  Сондықтан да    Қазақстанның ескерткішінің Ипрде   ашылуының маңызы  зор», -   дейді   С.Стивенсон. 

 16  маусымда Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің ашылу салтанаты өткенін ҚазАқпарат бұған дейін  хабарлаған  болатын.

http://www.inform.kz/kaz/article/2389381


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер