Басыңыз ауырса, балық жеңіз - Әлем|26 Шілде 2011, 11:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Басыңыз ауырса, балық жеңіз

Америкалық оқымыстылар ішімдікке құмарлықтан құтқаратын амал ойлап тапты. Ол - өте қарапайым тәсіл. Яғни бас ауыратын қиындықтан кәдімгі балықтың майы құтқарады екен.

Бұл жаңалық тосыннан ашылыпты. Дәрігерлердің дәлелдеуіне қарағанда, балық майы өте пайдалы зат көрінеді. Ол көптеген ауруға, әсіресе, ұмытшақтық дендегенде, ойлау қызметі нашарлағанда таптырмас ем көрінеді. Осындай қиындық басыңа қатер төндіргенде балықтың майындағы қышқылдар ғана нақты көмектеседі екен. Ол әсіресе, маскүнемдіктен айықтыруда таптырмас дәрі екендігін дәрігерлер дәлелдеп отыр.
Индиана штатындағы медицина мектебінің дәрігерлері бұл жаңалықтарын рәсми түрде мәлімдей отырып, бұлжытпас айғақтарын алға тартады. Олар балық майының адам психикасын қалпына келтіруде септігі мол екендігін айтады.
Зерттеушелір тобының белсенді мүшесі Александр Никулескудің айтуынша, майдағы қышқыл балық майының негізгі құраушысы болып табылады. Оны зертханада тышқандарға бергенде, олардың бұрынғыдай тым мазасызданбайтыны байқалған. Ғалымның сөзіне қарағанда, тышқандар депрессиядан құтылған. Ал май ішкен азаматтардың араққа деген тәбеті бұрынғыға қарағанда төмендеген. Осылайша Омега 3 қышқылы жүйкеге әсер ететін дәрі ретінде анықталды. Енді ол емханаларда маскүнемдікке шалынған азаматтарға тікелей сынақ ретінде қолданылады.
Бір қызығы, голландиялық дәрігерлер маскүнемдікке қарсы дәрі ретінде сыра көбігін пайдалана бастапты. Malіebaan ауруханасындағы бұл сынақ та пайдалылығымен жұрт назарын аударып отыр. Бірақ америкалықтардың еміне жетер ештеңе болмай тұр.

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9069&Itemid=2


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер