BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Барак пен Мишель Обама телешоуға қатысады

Netflix америкалық медиа компаниясы Обама мен оның әйелін телешоуға қатысуға шақырып, келісімшарттар жасап жатыр. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі SBS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нью-Йорк Таймс басылымы да бұл келісімшарт туралы жазды. Белгілі болғаны, бұрынғы президент қазіргі Ақ үй басшысы Дональд Трамп немесе консервативтік партия туралы айтып, аузын шаршатпайды. Ол өз жарымен бірге көрерменге ой салып, өмірлерін өзгертуге ықпал ететін мағыналы әңгімелер айтатын көрінеді.

Сондай-ақ Барак Обама ел басқарған кезде елдің көкейін тесіп, мазалаған оқиғалар мен жауапсыз қалған сұрақтарға жауап береді деп күтілуде. Ол денсаулық сақтау, көші-қон, климаттың өзгеруі, т.б. тақырыптарға қатысты болуы мүмкін. Ал экс бірінші ханым Мишель Обама өзінің сұлулық құпиясы мен тамақтану ережесі туралы ойларын бөліседі.

Нью-Йорк Таймс басылымына Обаманың кеңесшісі Эрик Шульц: «Барак Обама және оның жары Мишель ханым үнемі адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлап, ой салудан жалықпайды. Сол үшін өз өмірлерінде орын алған оқиғалармен бөліспек», — деп сұхбат берген.

Осы сұхбат үшін Барак Обамаға Netflix қанша қаражат төлейтіні әлі нақты жарияланған жоқ. Дегенмен, жуырда ғана олар кітап келісімшартын 65 млн долларға жасасқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер