BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Барак Обама Мысыр басшысын шұғыл түрде биліктен кетуге шақырды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Барак Обама Мысыр президенті Хосни Мубарактың 1 ақпан күнгі сөйлеген сөзіне түсініктеме берді.  Associated Press  агенттігіне сілтеме жасап РБК-ның хабарлауынша, АҚШ президенті Мысыр басшысына шұғыл түрде биліктен кету керектігін айтқан.
Сондай-ақ,  Обама Мубарактың отставкасын талап етуші Мысыр ереуілшілеріне де  сөз арнап,  олардың бейбіт наразылықтарын  барлық дүние жүзіндегі адамдар естіп, бөлісетіндіктерін атап көрсеткен. АҚШ президентінің айтуынша, Мысыр жүйесіндегі биліктің ауысуы айқын, бейбіт болып, әрі өте шұғыл басталуы қажет. Ол Мубарак шешім қабылдағандай, президент сайлауын 2011 жылдың қыркүйегінде емес, таяудағы уақытта өткізу керек деп ұсыныс жасады. Сонымен қатар ол АҚШ Мысыр басшылығының ішкі істеріне араласпайтындығын да атап айтты. http://www.inform.kz/kaz/article/2347343

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер